Web-есептегiш деген сiздiң web-бетiңiзге кiру санын есептеудi ұйымдастыратын программа.
Мұндай программа CGI-скрипт деп аталатын түрде жасалады да, web-серверде орнатылып, беттi қарап отырған адамға есептегiштiң кескiнiн, әдетте, GIF немесе PNG графикалық пiшiндерi арқылы жолдайды Жалпы web-есептегiштiң жұмыс алгоритмы өте қарапайым: есептегiштi инсталляция кезiнде (web-бетке алғаш орнату) есептегiштiң CGI-программасы жұмыс iстейтiн web-серверде, осы беттiң қаралу санын сақтайтын аккумулятор жасалады. Есептегiшi бар бетке кiрген кезде, бетке кiрушiнiң браузерi есептегiш көрсеткiшi бар суреттi талап етедi де, CGI-программасы аккумулятор мәнiн бiр бiрлiкке ұлғайтады. Егер беттi қараушы есептегiш кескiнiнен 1013 санын көрсе, онда бұл бет 1013 рет ашылып қаралғанына күмәнi болмайды. (есептегiштi орнатқан сәттен бастап).
Есептегiш екi мақсатта қолданылады:
- Есептегiш орнатылған беттiң Иесi беттiң қанша рет қаралғанын бiледi.
- Қараушы беттiң қаншалықты әйгiлi (қаралу жиiлiгi) екенiн бiле алады.
Бiз жоғарыда web- есептегiш жұмысының сенiмдiлiк деңгейi жайлы кездейсоқ айтқан жоқпыз – ол туралы келесi жауапта айтылады .
|